Польшалық палуан Мәскеу Олимпиадасында еншілеген медалін ХОК президентіне қайтармақ
03:42, 09 Наурыз 2013
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Польшалық палуан Анджей Супрон күрес түрін Ойындар бағдарламасынан алып тастауға қарсылық ретінде 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында ұтып алған медалінен бас тартпақ.
Грек-рим күресінен 68 келіге дейін салмақ дәрежесінде «күміс» еншілеген Супрон: «Спорттың көне түрін Олимпиада бағдарламасынан алып тастау жөніндегі ұсынысқа қарсымын», - деп мәлім етті.
60 жастағы спортшы медалін Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жаку Роггеге жібермек.