Польшалық университеттер жоғары білімі бар қазақстандықтарды шақырады

АСТАНА. Мамырдың 20-ы. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - ЮНЕСКО бағдарламасының аясында Польша үкіметі осы елдегі университеттерде білім алу үшін 2010-2011 оқу жылдарына арналған 15 шәкіртақы бөліп отыр, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Польша үкіметінің шәкіртақылары ЮНЕСКО-ға мүше барлық мемлекеттердің ізденушілеріне, соның ішінде жоғары білімді, магистратураны бітірген және ғылымның әр саласында кеңейтілген жарты жылдық курс өтуге ынталы қазақстандықтар үшін де қолжетімді.

Оқудың барлық шығынын польшалық тарап төлейді.

Үміткерлердің өтініші ағымдағы жылы, маусымның 8-іне дейін ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО бойынша Ұлттық комиссияның хатшылығында хабылданады.

Үміткерлерді іріктеуді қабылдап отырған тараптың конкурстық негізде өткізеді.