Польшаның Қорғаныс министрі мінберде микрофонды шатастырып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Польшаның Қорғаныс министрі Томаш Семоняктың баяндама жасау үшін мінберге шыққанында микрофонды жарық түсіретін шаммен шатастырып алғаны туралы видео жарияланып, Интернетте қызу талқыға түсті, деп жазады «РИА Новости».

Жыл сайын өткізілетін әскери басшылардың кеңесінде сөз сөйлеген Томаш Семоняк баяндамасын бастар алдында микрофонды өзіне қаратқанның орнына шамды көтеріп, бетіне жарық түсіріп қойған.