Полад Бюльбюль оғлы тағы да Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқармасының төрағасы болып сайланды

МӘСКЕУ. 20 маусым. ҚазАқпарат - ТМД қатысушы елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқармасының төрағасы болып Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Полад Бюльбюль оғлы сайланды.

Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 маусымда Астанада Қор басқармасының отырысы болып өтті. Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының мүшелері Қордың 2012 жылдың бірінші жартысындағы жобалық қызметінің қорытындыларын, «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы ілкі кезеңінің іске асырылу барысын, «Астана - Достастықтың мәдени қаласы» бағдарламасының ашылуы аясындағы «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумын өткізу, сондай-ақ Қор өңделген Достастық елдері гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту стратегиясының Концепциясын есепке алу міндеттерін және еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық жағдайларды дамыту мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының төрағасын сайлау өтті. Бұл қызметке тағы да Әзірбайжанның РФ-ғы Елшісі П.Бюльбюль оғлы сайланды.