Ол Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы қызметін атқарған. Ол тұрғындардың біріне қару-жарақ сатып алуға және алып жүруге рұқсат құжатын рәсімдеп беретінін айтқан. Сол үшін одан 30 мың теңге пара алған.
Сот талқылауында айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.
«Осының нәтижесінде ол мемлекеттік және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару және қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шектелді. Сондай-ақ, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде 1 500 000 теңге айыппұлға жазаланды», - делінген аудандық соттың хабарламасында.
Авторы: Әділжан Үмбет