Полицей айғақтан құтылу үшін 160 мың рубльді жеп қоймаққа әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік полиция қызметкері 160 мың рубльді жеп қоймаққа әрекеттенген сәтінде ұсталды.

Енді ол ішкі істер органынан қуылады, ал оның басшылығы жазаға тартылмақ.

Бескудниковск ауданы бойынша ІІМ қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкері бір азаматтан үстінен қылмыстық іс қозғамау үшін 160 мың рубль бопсалаған.

Купюраны алған кезінде ол ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерін байқап қалған да дереу өзінің"Пежо" автомобиліне жасырынған. Машина ішінде ақшаны жұтып, айғақтан құтылмақ болған. Шұғыл топ көліктің әйнегін сындырып, полицейді құрықтады.

«Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі қызметкер ішкі істер органынан қуылады, ал оның басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылады», дейді Мәскеу қаласы бойынша ІІМ МБ өкілі.