Кадрдан полиция қызметкері жолдың ортасында тоқтап тұрған машинаны тексеріп, жолдан өтпек болады. Көктайғақ жолда әрең жүрген полицей екінші машина таяп келгенде құлап түседі. Оны машина дөңгелегі бірнеше сантиметр аралықта ғана жанап өтеді.
Айта кетейік, қазір АҚШ-тың көптеген штатында жауын-шашыннан кейін күннің күрт суытуына байланысты көктайғақ болып тұр.