Іс әлеуметтік желілер арқылы жала жабу бойынша полицейдің рапорты негізінде қаралған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген», - делінген полиция мәліметінде.
Сот отырысында Семей тұрғыны өз кінәсін толық мойындаған.
«Абай облысының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен тұрғын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабы 2-бөлігі «жала жабу» (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-бабында «ұсақ бұзақылық» (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында.