Полицейлер 2 мыңға жуық қылмысты бір тәулікте ашты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада Қазақстан аумағында 2 893 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Бір апта ішінде 2 893 қылмыс жасалды, оның 1 825-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 4 кісі өлтіру, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 33 тонау және 455 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ізін суытпай дереу ашты», - деді министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Қоса кетсек, бұған дейін Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің ұшасы тәркіленгенін хабарлап едік.

Сонымен қатар, Талдықорғанда көлікті айдап кеткен күдіктінің бірнеше ұрлыққа қатысы бары анықталған болатын.