Полицейлер 45 градус аязда жолда қалып қойған отбасы мүшелерін құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Ханты-Мансийск автономиялық округінің Нефтеюганск ауданында орын алды. 45 градус аяз   жеңіл көліктің дөңгелегінің жарылуына соқтырды.

Ер адам дөңгелекті өзі ауыстыруға тырысқан, алайда бұл оңайға соқпаған. 

 «Оқиғаға жақын жерде ЖПБ инспекторы Куницын Игорь мен Асқаров Фларит жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесіп жатқан болатын. Ақпаратты алған полицейлер оқиға орнына жетіп, ер адамға дөңгелекті ауыстыруға көмектеседі, қатты тоңған әйел мен бала  патруль көлігіне кіріп, жылынды», - дейді  Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.