деп хабарлайды ҚазАқпарат, ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылғы қаңтардың 20-сында 205-ші ықшамауданда орналасқан «Мегабит» компьютерлік орталығынан түнде «Тойота Королла» көлігімен шығып кеткен жас жігіт із-түзсіз жоғалып кеткен.
Бір тәулік өткеннен кейін «Алматы - Бішкек» автожолының 52-ші шақырымында Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының шетінен жергілікті тұрғындар жас жігіттің мәйітін көрген. Полицейлер марқұмның кім екенін айқындау барысында із-түзсіз жоғалған жігіт екенін анықтаған. Криминалистер ол бас сүйек ми жарақатынан өлген деген шешімге келген.
Сол күні Жамбыл облысының ІІБ-ның сақшы қызметкерлері Байзақов ауданындағы Королевка ауылынан марқұмның автокөлігін тапқан. «Тойото» автокөлігін Оңтүстік Қазақстан облысының 20 жасар тұрғыны иемденген. Жас жігіт алаяқтық іспен айналысқаны үшін бұрында заң бойынша жазаланған болып шықты. Полицейлер сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының 17 жасар жолаушысын ұстаған.
Құрықталғандар қаңтардың 20-сында Алматыдағы «Мегабит» клубының жанында автокөлікті иемдену мақсатында жас жігітті өлтіргендігін мойындаған. Одан кейін қаскүнемдер мәйітті автожолдың 52 шақырымындағы ауылдың шетіне тастап кеткен.
Қазіргі уақытта ұсталғандар Алматыға жеткізілді, оларға ҚР ҚК 96-бабы бойынша адам өлтірді деген айып тағылып, тергеу жүргізілуде.