«20 шілде күні Арыс қаласының көшелерінпатрульдеу кезінде полицейлер бір топ жас жігіттерді көрген. Тәртіп сақшыларыолардың бірінен қаруға ұқсас затты байқап қалып, тоқтауға бұйрық берген. Алайдажас жігіттер бұйрыққа бағынбай, қашуға тырысқан», - делінген хабарламада.
Полицейлер көлікке отырып, қашпақ болғанқарулы күдіктінің ізіне түсіп, оны қолға түсірген. Автокөліктің салонын тінтукезінде полиция қызметкерлері одан аңшы қаруын тауып, тәркілеген.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 287-ші бабына («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттардыжәне жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдаунемесе алып жүру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын,күдіктінің не себепті өзімен бірге қару алып жүргенін анықтау үсітнде. Заттайайғақтар тәркіленді.