«Бүгін құрылыс нысандарынан, ұйымдардан, гараждар және басқа жерлерден ұрланған заттарды анықтау мақсатында құрылыс материалдары базары, Тәуелсіздік даңғылының бойында, базар аумағында орналасқан автомашиналарға қызмет көрсету станциялары тексерілді», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
ІІД өкілдерінің айтуынша, шара барысында құжатсыз сатылып жатқан ондаған құрылыс құралдары мен аккумуляторлар тәркіленген, ал сатушылар олардың қай жерден әкелінгенін айта алмаған. Бұдан тыс, тәркіленген 3 велосипедтің бірі бұрын ұрланған болып шықты.
Тәркіленген заттар бойынша тексеріс басталды. Сондай-ақ, бірқатар әкімшілік және көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды, енді оларға қатысты процессуалдық шешімдер шығарылады.
Астана полицейлері қала аумағында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы 2018-2020 жылдарға арналған іс-қимылдар кешенді жоспарын және бағдарламасын іске асыру аясында жоспарлы «Сатып алу» жедел алдын алу шарасын, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.