Полицейлер Балотеллиді көлік жүргізу құқығынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияға оралған «Милан» командасының шабуылшысы Марио Балотелли көлігімен жылдамдықты арттырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады ТАСС.

Футболшыны жол полицейлері Брешиа қаласында «Марио Ригамонти» стадионына жақын жерде ұстаған. Ол сағатына 50 км шектеу қойылған жерде өзінің «Ламборгини» көлігімен сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүрген. Спортшы өз қателігін мойындап, абайсызда қателік жасағанын айтты. Шабуылшы ісі қаралғанға дейінгі уақытқа жүргізуші куәлігінен айырылды.