Оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында Қостанай қаласындағы «Складской» дүкенінде болған. Ұрлық жасаған күдікті дүкен ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған.
«Әйел дүкен ішінде тұрған сөмкедегі ірі көлемдегі қаражатты ұрлап кеткен. Полицейлер аталған әйелге қатысты ақпаратқа ие тұрғындардан көмек сұрайды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.
Ұрлық жасаған әйелге қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер 87773020201, 526901 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуына болады.