Полицейлер халық көп жиналатын орында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді
Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергіліктіполиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерде (орталықалаңдар, сауда-ойын сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКОайналасында), арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындарға қызықтырғансұрақтары бойынша жауап береді. Акция кезінде азаматтар өздерінің өзектімәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларынажүгіне алады», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, бұл жолы тұрғын үй кешендерінде полицияқызметкерлері әкімдіктер, ПИК өкілдерімен бірге «аулалардағы қабылдау» шарасынұйымдастырып азаматтардың сұрақтарына жауап бермек.
«Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасымәселелеріне қатысты сұрақтарға «қызу желі» телефоны арқылы жауап алуға болады. Аталған іс-шараныңөткізілетін орны және «қызу желінің» телефон нөмірлерін сілтемесі бойыншаІІМ-нің ресми порталынан және полиция департаменттерінің порталдарынан,сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефондарынан білуге болады», - делінгенхабарламада.
Бұдан бұрын ІІМ бастамасымен өткен «Жолда қабылдау» акциясыазаматтардың көңілінен шыққан болатын. Аталмыш акция – полицияның халықпенөзара іс-қимыл жасасудың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі. Акцияның алдыңғытөрт кезеңінде 76 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Осыған байланысты, министр ЕрланТұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша аумақтық ішкі істер органдары ай сайыназаматтарды қабылдауды жүргізеді.