Полицейлер Көкшетауда валюта айырбастау пунктін тонаған ресейліктерді құрықтады

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Полицейлер Көкшетауда валюта айырбастау пунктін тонаған ресейліктерді құрықтады. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұман мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Үш азамат тамыздың 21-і күні валюта айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасап, ол жерден 4,5 мың еуро және 2,5 млн. теңгені өздерімен бірге алып кеткен.

Екі сағаттан кейін полицейлер Омск қаласының үш тұрғынын Көкшетаудағы теміржол вокзалы жанындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің облыс аумағында осыған ұқсас жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», дейді Қ.Жұман.