Ол бензиннің берілуін күрт тоқтатады және моторды сөндіреді, деп хабарлады британиялық БАҚ. Бұл құрылғы 2020 жылы дайын болады деп күтілуде.
Бақылаудың жаңа жүйесі құқыққорғау органдарының жолдағы жұмыстарын едәуір жеңілдетпек.
Бүгінде еуропалық ауыр жүк көліктеріне жылдамдықты сағатына 90 км-ден асыруға жол бермейтін арнайы құрылғылар орнатылып жатқандығын атап өткен жөн. Онымен қоса бұл жабдықтар темір тұлпарды әр 8 сағат сайын тоқтатады. Мақсат - жүргізушіге біраз тынығып алуы керектігін еске салу. Ережені бұзғандар қатал жазаланып, көлік жүргізу құқығынан айырылады.