Полицейлер майдангерлерді құттықтады ? Жамбыл облысы
11:12, 09 Мамыр 2009
ТАРАЗ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Тараз полицейлері жамбылдық майдангерлер үшін Жеңіс күнінің 64 жылдығына арналған үлкен мереке ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мерекелік нысандағы киім киген Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы үрмелі аспаптар оркестрінің әуенімен соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді гүл шоқтарымен қарсы алды. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев Отан үшін ерлікпен шайқасқан майдангерлерді қызу құттықтады. Ол Қазақстаннан майданға бір миллионнан астам жауынгердің аттанғанын, олардың жартысынан астамы елге оралмағанын атады. Жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минөт үнсіз тұрып еске алды. Төрт жүзден астам жамбылдықтар ? еңбек майданының қатысушылары медалімен марапатталды.Соғыстан кейінгі ауыр жылдары ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік борышты атқарудың мүлтіксіз үлгісін көрсетті.Құрмет көрсетілген әрбір соғыс ардагеріне 20 мың теңгеден салынған конверт тапсырылды. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың бұйрығымен қылмыстық-іздестіру саласында отыз жылдан астам уақыт қызмет еткен Петр Вербицкий «ҚР ІІМ құрметті ардагері» омырау белгісімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ішкі істер бөлімінің үздік елу қызметкері мүлтіксіз қызметі үшін көтермелеу марапаттарына ие болды.