Свердлов облысы бойынша ІІМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Валерий Горелых хабарлағандай, ол жайбасар иесінің сылбырлығын пайдаланып қашқан.
"Жігіт пәтерінде жыландар ұстаған. Онда 3 жылан: питон мен оның екі баласы болған, кішілері қашқан", - деді Горелых.
Оның сөзіне қарағанда, питондардың бірін баспалдақта бір қыз аңғарып қалған. "Бұл туралы хабар мәскеу уақытымен сағат 06:42-та келіп түсті. Жыланды көрген қыз көмекке шақырған, - деді Горелых. - Оқиға орнына жедел әрекет ету тобы шықты. Полицейлер жыланның бар екеніне көз жеткізіп, "Зооспас" мамандарын шақырды, бірақ жыланның иесін тапқаннан кейін олардың қызметінен бас тартты". Ол қаладағы спорт клубтарының бірінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін қыздың көршісі болып шықты.
Бүгінде полицейлер екінші питонды іздестіруде.