7 наурыз күні сағат 13.10-да Теміртау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне «Одежда» СҮ 62 жастағы қызметкерінен оның ұялы телефонына белгісіз азамат қоңырау шалып, сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Теміртау қалалық полиция басқармасының жедел кезекшісі оқиға орнына барлық шұғыл қызметтерді жіберді. Ғимараттан 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 70 адам техникалық қызметкер. Полиция қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат 14.50 - де «Тоқтату» командасы берілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта полицейлер қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.