Полицейлер шет тілдерді үйренуге назар аударуы керек - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД өткен жиында ІІМ вице-министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев осылай деді.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция жаңа жұмыс тәртібін енгізу керек. Мектеп инспекторларының жұмысына ден қойып, колледждердегі жағдайларды қадағалау қажет.

2017 жылы елордада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елордалық полицияға қаланың кримогендік жағдайын бақылау мен қоғамдық тәртіпті қадағалау міндеті жүктеледі. Сондықтан, полицейлерге қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шетелдің озық тәжірибесін енгізу, оның ішінде елге келетін шетел азаматтарын тіркеу процедурасын жеңілдету керек. Сондай-ақ көшедегі бейнебақылау камераларын көбейтілуі тиіс.

Ең бастысы, халықаралық көрмені өткізу аясында полицейлерге шет тілдерін жетік меңгеру керектігі айтылды.