Полицейлер түн ортасында Кремльге кірмек болған ер адамды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат екілер шамасында полицейлер Кремльге баса көктеп кіруге әрекеттенген ер адамды ұстады.

LifeNews-ке белгілі болғандай, ол Қызыл алаңға таксимен келіп, машинадан түскен бойы Кремльге бет түзеген. Ал ішке Боровицск қақпасы арқылы кірмек болған, қарсыласып баққан оны полиция қызметкерлері әрең ұстап қалды.

- Ұсталған адам түсініксіз мінез танытты. Оның үстінде сырқаттардың киімі болған. Ер адам мамандандырылған медициналық мекемеден қашып шыққан болуы мүмкін. Ол өз қылығын «Мен Құдаймын, орным сол жерде» деп түсіндірген, - дейді құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінде.

Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді.