«7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық полиция қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды. Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында болды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған»- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, алғашқы көмек көрсетілген соң, ана мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізілді.
Фото: polisia.kz