Аталған факт Қарағанды-Сұрыптау стансасының ІІЖБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
«9 қазан күні Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ішкі істер желілік басқармасына Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты жолаушылар пойызына ілесіп жүру батальонының қызметкерінен хабарлама келіп түскен. Хабарламада «Қостанай-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде 38 жастағы жолаушы азаматша заңға бағынбай, қызметтік міндетін орындап жүрген полицейлерді балағаттап, қарсылық көрсеткені туралы баяндалған. Ол Астана қаласының тұрғыны болып шықты», делінген хабарламада.