Полицейлердің есірткі қылмыстарына қатысу фактілері тыйылмай отыр ? ҚР ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Өкінішке орай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан полицейлердің есірткі қылмыстарына қатысу фактілері тыйылмай отыр.

Бүгін ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитет төрағасының айтуынша, бұл қылмыстардың алдын алуға жақында есірткі заттарын тіркеу және жою ережелеріне енгізілген жаңашылдықтар септігін тигізбек. «Есірткінің қайта таралымын болдырмау жолында тәркіленген есірткі заттарын тіркеу және жою ережелеріне өзгертулер енгізілді. Бұл ереже бойынша алынған наша заттары жойылуға жіберіледі», деді Ж.Сүлейменов. «Биыл полицейлердің қатысуымен 3 есірткі қылмысы анықталған. Жыл сайын бұл көрсеткіш азайып келеді. 2007 жылы 39 факті анықталса, былтыр 18 оқиға тіркелді», деп атап көрсетті ол.