«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын түнгі 11-ге дейін Қазақстан азаматы орындауы тиіс, есік ашып, жауап беріп және тағы сол сияқты. Полиция қызметкері өзінің қызметтік куәлігін көрсетіп, өзін таныстыруы шарт. Қызметтік формада болуы тиіс. Басқа жағдайларда, әрине, оны үйге кіргізбеуге құқылысыз», деді ол бүгін дөңгелек үстел барысында.
Айта кетейік, танымал қазақстандық тележүргізуші Сандуғаш Сұлтан өзінің Facebook парақшасында түн ішінде оған екі ер кісі тіркеудің бар-жоғын тексеруге келгенін xабарлады.
«Сағат 2:24-те екі кісі келіп, есігімді қақты. Біреуі формада, екіншісі азаматтық киімде. Тіркеу туралы ақпаратты тексеріп жатырмыз, ашыңыз! Сонда консьержтер не үшін керек!? Пәтер иелері туралы айта алар еді ғой», - деп шамданды ол.