Жергілікті кедендік қызметтің іштері сезген болса керек, олар бірнеше рет боялған аталмыш көлікті қайта-қайта мұқият тексеріске алған көрінеді. Кейін ол Теннеси штатының тұрғынына тиесілі екендігі анықталғанда күдік бекер болмағаны белгілі болды. Оның иесі Ноксвилл студенті болып жүрген кезінде ұрлатып алған.
Ал оны сатып алған екінші адам көлік бұрын ұрланғандығын, тіпті оның түсі ақ емес, бұрын қызыл болғанын мүлдем білмеген болып шықты. 1965 жылы шығарылған ақ түсті Volkswagen-ді ол тарихи жәдігер ретінде сатып алып, оны реставрациялау үшін Финляндияға жіберуді ойлаған.
HuffingtonPost басылымының жазуынша, енді полицейлер жаңа қиындыққа тап болып отыр. Көлікті бастапқы иесіне қайтару мүмкін болмауда. Ноксвилл қаласының полициясы Джозеф Макдональд есімді азаматты іздестіру шаралары еш нәтиже бермегенін айтуда. Ол өзінің мекенжайын ауыстырған көрінеді, ал тастап кеткен телефон нөмірі істемей тұр.