Полиция Ақтаудағы 6 жасар қызды зорлауы мүмкін ер адамның видеосын зерттеуде
«Видеоны қарап жатырмыз. Толығырақ түстен кейін пікір білдіреміз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісіне.
Бұған дейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлауы мүмкін күдіктінің видеосы ғаламторда пайда болғаны хабарланған еді. Ол видео WhatsApp желісі арқылы да жан-жаққа тарады. Кадрде полиция таратқан фотороботқа қатты ұқсайтын ер адам «Иваныч» азық-түлік дүкеніне кіріп, біреуді іздегендей жан-жағына қарап, қайта шығып кетеді. Айта кетейік, дәл осы дүкенде алты жасар бала жоғалып кеткен еді.
Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері Ақтауда зорланған алты жасар қыздың көз жұмғанын жоққа шығарғаны жарияланды. Дәрігерлер қыздың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағалауда.
Ақтау балалар ауруханасының дәрігерлері зорлыққа ұшыраған 6 жасар қыздың жағдайы туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат беруден бас тартты.