Полиция Астанада жол жабылатындығын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асфальт-бетонды төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №191 көшеде (ескі Шортанды трассасы) Алаш пен Өндіріс жолдары аралығында 14 тамыз таңғы 8-00-ден бастап, 19 тамыз таңы 6-00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысына толықтай шектеу қойылады.

Сонымен қатар Астана-Қарағанды трассасының бойында жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына байланысты («Нұр» құрылыс базарының аймағынжа) 15 тамыз таңғы 8-00-ден бастап, 21 тамыз кешкі 20-00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы арнайы белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылады.