«Қостанайда жол апатында жаяу жүргінші, 1960 жылы туған Степан Волков қаза тапты. Қайғылы оқиға 5 қараша күні Алтынсарин көшесінде болды. Қостанай ПБ Солтүстік бөлімшесінде ер адамның аты-жөні анықталғанын, бірақ қазіргі кезде полицейлер оның туыстарын іздеп жатқанын мәлім етті», - делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, Степан Волков 1960 жылы 20 қаңтарда Беларусь елінің Витебск облысында дүниеге келген. Қостанай облысының Черниговка кентінде тұрған.
Еске сала кетейік, 5 қараша күні Қостанайда автобус жүргізушісі ер адамды қағып кетті.