Полиция барымташыларды іздерін суытпай ұстады
08:30, 26 Мамыр 2009
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Таңертең ертемен Қаратай ауылының екі тұрғыны түнде жылқыларының жоғалғаны туралы Өспен аудандық Ішкі істер бөліміне шағымданады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Қылмыс орнына келген учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Арман Әленов оқиға болған жерді қарап шығады. Жылқы тұяқтарының іздері із кесушілерді ауылдан 45 шақырымдай жерге алып келеді. Жазғы жайылымда олар Павлодар жаққа жылқыларды айдап бара жатқан екі жас жігітті ұстайды. Зардап шеккендер жоғалған малдарын таниды. Жауап алудан кейін анықталғандай, барымташылар бұл қылмысты алдын-ала жоспарлаған болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабына сәйкес - алдын-ала мәміле бойынша топ болып қылмыс жасау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барымташыларды 2 жылдан бес жылға дейін жаза күтіп тұр.