РФ ТК өңірлік Тергеу басқармасы аталмыш факті бойынша «кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғаушылар оның қалай өлгенін, осы күнге дейін мүрдесі неліктен табылмағанын анықтауға тырысуда. - Қазір белгілі болғаны, ер адам 38-40 жыл бұрын көз жұмған. Марқұмның қалай қайтыс болғаны, кім екені әзірге анықталған жоқ, - деп хабарлады өлкелік тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Наталья Смяцкая. Сондай-ақ ІІБ қызметкерлерінің әкімшілік ғимараты шатырынан табылған мүрдеге қандай да бір қатыстылығының бар-жоғы анықталмады.
14:55, 05 Тамыз 2015
Полиция бөлімшесінің шатырынан 40 жыл жатқан мүрде табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснодар өлкесі Гулькевич ауданынан полиция бөлімшесінің шатырынан қырық жыл жатқан ер адамның мүдесі табылды.