«Құрметті жүргізушілер, ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысы үшін жекелеген жол учаскелері жабылды. Департаменттің жеке құрамы тұрғындарға көмектесу үшін жұмыс істеп жатыр. Елорда тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз: патрульдік полиция талабын орындауды, жеке көліктен бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануды, жеке көлікті жолға тастап кетпеуді және қар тазалау техникаларына кедергі келтірмеуді сұраймыз», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.
08:59, 23 Қаңтар 2020
Полиция департаменті елордалық жүргізушілерге үндеу жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.