Полиция Ким Чен Намның неден уланғанын анықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның неден көз жұмғанын анықтады - ол химиялық қару болып саналатын жүйке жүйесін зақымдайтын затпен уланған, деп хабарлады ресейлік «РИА Новости».

«Химиялық зат «VX nerve agent»деп аталады  - ол жүйке жүйесін зақымдау арқылы әсер етеді», - делінген малайзиялық полицияның мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, полиция бұл заттың химиялық қару болып саналатынын атап өтті.