Полиция Ким Чен Намның туыстарын оның мәйітін алып кетуге міндеттеді
18:10, 19 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияда қаза тапқан солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынның ағасы - Ким Чен Намның мәйітін елге алып кету үшін жанұясы келуі қажет.
Қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін оның туыстарының екі апта уақыты бар, деп хабарлайды РИА Новости.
13 ақпан күні Малайзия әуежайында Ким Чен Намға қастандық жасалды. Ол осы жерден отбасы тұрып жатқан Макаоға ұшуы керек болған.
Тергеушілердің болжауынша, Солтүстік Корея басшысының інісін екі әйел өлтіріп, оқиға орнынан іздерін суытқан. Кейінірек тергеу аясында бірнеше адам тұтқындалды.