Полиция Ким Кардашьяннан ұрланған құнды заттардың бірін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция полициясы реалити-шоу бағдарламасының жұлдызы Ким Кардашьяннан ұрланған құнды бұйымдардың бірін тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құнды тас Кардашьян тоналған қонақ үйге жақын жерден табылды. 

«Ұрланған заттардың бірі қонақ үйдің жанынан табылды. Болжам бойынша оны тонаушы байқаусызда түсіріп алған. Бұл қылмыскерлердің қандай да бір қателік жіберуі мүмкіндігінің дәлелі. Өйткені олар асығыс жүрген»,-делінген хабарламада.

Таста тонаушылардың ДНҚ іздері қалуы мүмкін.

Бұл жағдай Кардашьянның жүйкесіне қатты әсер еткен және ол өзінің осындай жағдайға тап болғанына тек өзін кінәлап отыр. «Мен өзімнің қымбат жүзігімді әлеуметтік желілерден көп көрсеттім және оны ылғи тағып жүретінмін», -деді ол.