Прокуратураның мәліметіне қарағанда, Астанада 2 мыңнан астам нашақор ресми тіркеуге алынған. «Қалада ұзақ уақыт бойы есірткі сатумен айналысатын тұтастай топтар бар екен ешкімге де құпия емес. Мұнда мүдделлік танытып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтардың жымысқы әрекеттері де бесенеден белгілі, ал бірақ оларға қарсы ешқандай да нәтижелі жұмыс атқарылмай келеді. Ішкі істер органдарының осы бағыттағы әрекеттерін бағалай отырып, біз олардың қызметі есірткі сатушылармен күреске емес, есірткіні тұтынушыларымен күреске бағытталған ба, деген ойда қаламыз», - деді Р. Әйтімов. Оның сөзіне қарағанда, соңғы уақытта Астана қаласы бойынша есірткі заттарының транзиті және соған байланысты оқиғалар көрсеткіші артып отыр. «Заңсыз айналымда жүрген героин секілді есірткі заттарының жалпы мөлшерінің тек 1 пайызы ғана құқық қорғау және арнайы органдармен тәркіленетіні туралы фактінің өзі осыны растайды. Бұдан бөлек, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарымен есірткінің заңсыз айналымына, соның ішінде заңсыз тасымалдарды жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топпен күреске қарсы 2015 жылғы бірлесе атқарылған жедел алдын алу шаралары тиісті деңгейде атқарылған жоқ», - дейді Р. Әйтімов. Оның сөзіне қарағанда, бұған басты себептердің бірі Есірткіге қарсы күрес басқармасы жұмысының дұрыс жолға қойылмағандығында болып отыр.
18:10, 25 Желтоқсан 2015
Полиция көбінесе есірткі сатушылармен емес, есірткі тұтынушылармен күресіп жүр - Прокуратура
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция көбінесе есірткі сатушылармен емес, есірткі тұтынушылармен күресіп жүр. Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында қала прокурорының көмекшісі Руслан Әйтімов осылай мәлімдеді.