Полиция қылмыскерді ұстау бойынша екікүндік операцияға 1,2 млн. доллар жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық полиция осы жылғы маусымда үш полицейді ажал құштырған қылмыскерді ұстауға 1,2 млн. доллар қаражат жұмсады.

Бұл туралы дүйсенбі күні ведомстводан хабарлады.

4 маусымда Монктон (Нью-Брансуик провинциясы) қаласындағы көшеде үш полицейді атып, екі тәртіп сақшысын жаралаған 24 жастағы Джастин Буркті іздестіру және ұстау бойынша екікүндік операцияға барлық ел полициясының 325 қызметкері жұмылдырылды.

«Ең елеулі шығын - 795 мың доллар - операция қатысушыларына үстеме ақы төлеуге, екі күнге қалыпты жалақы, сонымен бірге жергілікті емес полицейлердің тұратын жеріне, тамағына жұмсалды», - деп нақтылады канадалық полиция басқармасынан.

Үш полицейді өлтіргені үшін Буркке ең ауыр жаза кесілмек, ол Канадада өлім жазасы алынып тасталғандықтан, өмір бойы түрмеде отыратын болады.