Оқиға Дублин қаласында 21 қаңтарда орын алған. Полиция қызметкерлері жуырда бірнеше ұрлық жасады деп күдіктеліп отырған азаматтың үйіне тінту жасап жүрген.
Үйді тінту барысында полицейлердің бірі байқаусызда қаруының шүріппесін басып алған. Оқ 42 жастағы Том Смит атты сержантқа тиген. Жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханада көз жұмды. Дублиннің құқыққорғау органдары бұл істі тергеуде. Белгілі болғандай, күдіктінің үйінде ешкім болмай шыққан.
Том Смит осы өңірде қызмет бабында қайтыс болған алғашқы тәртіп сақшысы болып отыр. Оның артында әйелі мен 6 жасар баласы қалды.