Полиция қызметкерін өлтірген қылмыскер қолға түсті

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Полиция қызметкерін өлтірген қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

«Алматының криминалдық полиция қызметкерлері полиция қызметкерін өлтіру қылмысын ашты. Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қалалық ІІД қабылдау-тарату орнының 32 жастағы инспекторы пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын. Кешенді арнайы іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жасаған 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Сондай-ақ тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ресми өкіл.