Полиция қызметкерін жарақаттаған әйел сотталды - БҚО
13:06, 27 Тамыз 2015
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен Е.Пасько ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлімі (билік өкілін қорлау), 379-бабы 1-бөлімі (билік өкіліне бағынбау), 380-бабы 1-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша айыпты деп танылып, ҚР ҚК 28-бабы 2-бөлімі қолданылып, оның 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екі автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасынан соң соның бірінің жолаушысы болған Е.Пасько мас күйінде әкімшілік (жол) полициясы қызметкеріне балағат сөз айтқанымен қоймай, оған дене жарақаттарын келтірген. Сөйтіп полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оған күш қолданған.