Бұл ел тарихындағы аса ірі көлемдегі есірткінің тәркіленуі болып отыр, кокаинның жалпы құны 200 млн. еуроны құрайды.
Есірткіге қарсы күрес шарасының сәтті аяқталғандығы туралы Франция ішкі істер министрі Мануэль Валь хабарлады. Министрдің сөзіне қарағанда, шекарашылар ішінен кокаин табылған 30 чемоданды тексерістен өткізген.
Министрдің берген ақпараты бойынша, 2013 жылдың басынан бері, 4 тоннаға жуық кокаин тәркіленген көрінеді.