Полиция қызметкерінің мәліметтеріне қарағанда, Рудный тұрғынын тәртіп сақшылары қаладағы фирмалардың бірінің директорынан 15 мың долларды бопсалау барысында қолға түсірген.
«Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тінту кезінде танкіге қарсы қолданылатын «РПГ-22» гранатасын тапты. Ол қолдануға жарамды болып шықты. Сонымен қатар олар 7,62 мм 2 оқ тапқан»,-деп толықтырды Б.Бабағалиев.
45 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осы кезде полиция қызметкерлері аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.