Полиция қызметкерлері телефондағы порнографиялық бейнелер үшін тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда бір-бірінің смартфондарына порнографиялық бейнелерді жіберді деген күдікпен үш полиция қызметкерінің ісі тергелуде.

Олар өткен жылдың желтоқсанында ұсталып, тергелген. Осыдан кейін қызметкерлердің бірі жұмыстан шеттетіліп, қалған екеуі міндеттерін шектеулі тәртіпте атқаратын болды.

Полицейлердің пәтері тексерілген, алайда оның нәтижесі жарияланбай отыр.

Олардың үшеуі де шетелдік елшіліктерді күзететін бөлімшелерде қызмет атқарған.

Полиция қызметкерлері әдепсіз бейнелерді сақтау мен тарату әрекеттері бойынша айыпталуда. Бірақ та тергеушілер әзірге полицейлердің бұл келеңсіздікпен қызмет кезінде немесе бос уақытында айналысқанын анықтаған жоқ.