ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза болғандардың біреуі - азаматтық, қалғандары - полиция қызметкерлері болып шықты.
Ресми мәліметтерге қарағанда, «ВАЗ-21214» маркалы көлік пен «Тойота Марк-2» көлігі 15 маусымда Қостанай қаласына бағыт алған. Қызметтік «Нива» көлігінде Құшмұрын стансасы желілік бөлімшесінің 4 полиция қызметкері мен 1 азаматтық болған. «Тойота-Марк-2» маркалы көліктің ішінде Әулиекөл АІІБ-нің 3 қызметкері болғандығы анықталды.
Қызметтік «Нива» көлігі алда келе жатқан. Алдындағы көлікті басып озбақ болған иномарканың жүргізушісі, Әулиекөл АІІБ-нің қызметкері көліктердің арасындағы қашықтықты ескермей, соқтығысқан. «Нива» бірнеше рет аударылып кеткен. 44 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. «Ниваның» жүргізушісі, 34 жастағы полиция капитаны ауруханада көз жұмды. Жарақат алған 3 адам Әулиекөл ауданының орталық аурунасына жеткізілді. «Тойота» маркалы көліктің ішінде болған адамдар жарақаттанбады.
Қосымша тексеру басқармасының басшысы Талғат Қияқбаевтың сөзіне қарағанда, иномарканы басқарған жүргізуші ұсталды. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде мәселе шешілуде. Алдын ала жасалған болжам бойынша жүргізуші жол қозғалысының ережесін өрескел бұза отырып, дұрыс қашықтықты таңдамаған. Сонымен қатар ол жылдамдықты асырған. Қылмыстық іс қозғалды, сараптама белгіленді.