Полиция лондондық үш террористің аты-жөнін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның құқық қорғау органдары терорлық әрекеттерге қатысты үш адамның да тұлғасын анықтады, деп хабарлайды Росбалт.

Алайда британдық тұрғындарға шабуыл жасаған террористердің есімдері тергеу толық аяқталғаннан кейін ғана жария етіледі. Әзірге олардың қандай да бір лаңкес ұйымдарға қатыстылығы бар-жоғы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, 3 маусым күні кешке белгісіз біреулер Лондон көпіріндегі жүргіншілерді шағын автобуспен соғып және көпірге жақын Боро базарында адамдарға шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан 3 адам опат болып, 48 адам жараланған болатын.