Полиция Лондонның орталығынан бомба іздеп жатыр

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Лондон полициясы британия астанасының орталығына ирландиялық экстремистер бомба қойды деген ақпарат алды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі жазған.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Ұлыбритания күш- құрылымдарының қызметкерерлері Лондон көшелерінің біріндегі қозғалысты тоқтатқан. Британиялық құқық қорғау органдарын шара қолдануға не итермелегені әлі белгісіз, тек қозғалыс «қауіпсіздік мақсатында» жабылды деген ақпарат бар.