Полиция Мәскеу маңында 5 байкерді өлтірген күдіктіні ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәскеу маңындағы Чёлохово ауылында ер адам аңшылық карабиннен байкерлер тобына оқ жаудырған. Олардың бесеуі ажал құшты.

Қайғылы оқиғаға байкерлермен бірге келе жатқан екі әйел куә болды.

РИА Новостиге Мәскеу облысының күш құрылымдарының дереккөзі хабарлағандай, ұсталған - 1988 жылы туылған жергілікті тұрғын Илья Асеев.

Кейіннен күдіктіден жауап алды. Ол қылмысын мойындап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.