Бұл шараны полиция мен АҚШ-тың есірткінің таралуымен күрес жөніндегі федералды басқармасының қызметкерлері бірлесіп жүргізіп жатыр. Емхананың кіреберісіне тәртіп сақшыларының жасағы қойылған, деп хабарлады оқиға орнынан репортаж берген хьюстондық телеарналардың бірі.
Дәрігер Конрад Мюррей Калифорния, Невада, Техас штаттарында жұмыс істейді. Джексонның жағдайы нашарлаған күні, маусымның 15-інде ол әншінің жүрегіне жабық массаж жасаған. Лос-Анжелес полициясы (Калифорния штаты) әншінің өліміне «қасақана емес әрекет» себеп болуы мүмкін деген долбар жасап отыр. Және оған дәрігер Мюррей кінәлі болуы әдбен ықтимал.
Құқық қорғау органдарындағы «көптеген» дерек көздеріне сілтеме жасаған атақты адамдардың Ти-эм-зи сайтының мәліметтеріне сәйкес, «куәгерлер мен айғақтар, Джексонның өліміне "Пропофол" /"Диприван"/ дәрісі себеп болғанын көрсетіп отыр». Мюррейдің әншіге дәл осы дәріні салғанын дәлелдейтін «айғақтар мен куәлар жеткілікті» делінген сайтта.
"Пропофол" ауруханаларда науқасты хирургиялық операция алдында ұйқыға жіберу үшін пайдаланылады. Ондай наркозды салу тек тәжірибелі анестезиологқа ғана сеніп тапсырылады.